2019 жылдың 1 ауысымының салтанатты ашылуы

2019.09.18
Бөлісу:

«Жаңа жыл – жаңа бастамалар»  достар кездесуі»

2019 жылдың 1 ауысымының   ашылу салтанаты 

2019 жылдың 12 қаңтары күні 1 ауысым қатысушылары үшін «Балдәурен» мектебінің салтанатты ашылуы өтті. 1 ауысым қатысушылары үшін Орталықтағы оқу күндері басталды. «Балдәурен» РОСО күнтізбелік жылдың бірінші ауысымында балалар үйінің тәрбиеленушілері, күнкөрісі төмен, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балалары, оқу озаттары, олимпиада жеңімпаздары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздарына есігін айқара ашуы дәстүрге айналған. Салтанатты сап түзеуде ауысым қатысушылары сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдері мен орталықтың әкімшілігімен  танысты. 

Ал, 13 қаңтар күні ауысымның ашылу салтанаты мен «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші өтті.  Ауысымның ашылу салтанатында бас директордың ОТІ орынбасары Ж.Қ.Әмірғалиев сөз сөйлеп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған балаларды ауысымның ашылуымен құттықтап, оларға Жаңа жылда зерделі де зерек, білімді де білгір болуларына, жаңа бастамалардың барлығы іске асуларына  тілек білдірді.

«Жастар» педагогикалық тобы - «Балдәуреннің» соғып тұрған жүрегі. Өнерлерін ортаға  салып, балалар көңілін бірден жаулап алды. Ұйымдастырушы-ұстаздардың дайындаған концерттік бағдарламасы әрдайым жоғары деңгейімен ерекшеленеді. 

1 ауысым президентін сайлау үрдісі де жоспар бойынша өткізілді. Дауыс жинау қорытындысы бойынша 7 топ қатысушысы Атыкаева Назерке (Түркістан облысы) ауысым Президенті атанды. 

Ауысым барысында балалар үшін қызықты әрі тартымды іс-шаралар ұйымдастырылады, бізге келген әр бала жақсы көңіл-күй мен ұмытылмас әсер алады деген сеніміміз мол! 

Жаңалықтар

интеллектуально-развлекательная игра "Тапқыр достар"

3 сборные команды 5-9 классов «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» и..

2019.01.17

"Тапқыр достар" зияткерлік-ойын-сауық шарасы

5-9 сынып оқушыларының «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» және &la..

2019.01.17

ПЛАН-ОРИЕНТИР НА 2019 ГОД для членов Академии

Юный патриот!  «План-ориентир для членов Академии юных патриотов-казахстанц..

2019.01.15

Қазақстандық жас патриоттар Академиясының жоспар-бағдары

   Жас патриот!  «Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшел..

2019.01.15

С Новым годом!

Новогоднее волшебство в «Балдаурене» Сегодня, участники 1 смены 2019 года "..

2019.01.14

Жаңа жыл құтты болсын!!!

"Жаңа жыл құтты болсын!"  10 қаңтар күні «Балдәуренге» еліміздің түкпі..

2019.01.14

Открытие смены

Открытие 1 смены 2019 года  «Новый год – новые начинания»  ..

2019.01.14

2019 жылдың 1 ауысымының салтанатты ашылуы

«Жаңа жыл – жаңа бастамалар»  достар кездесуі» 2019 жылдың..

2019.01.14