Жаңа жыл құтты болсын!!!

2019.08.25
Бөлісу:

"Жаңа жыл құтты болсын!"

 10 қаңтар күні «Балдәуренге» еліміздің түкпір-түкпірінен келген "Жаңа жыл - жаңа бастамалар" достар кездесуі" ауысым қатысушыларына  бүгін «Жаңа жыл қарсаңындағы таңғажайып оқиға!» мерекелік қойылымы өтті. 

Мерекелік шоу-бағдарламасы аясында «Өрмекші адам», «Моана», «Еноттар», «Босс молокосос», «Капитан Марвелл» сияқты қазіргі заманғы классикалық ертегілердің негізінде қойылымдар қойылды. Басты рөлдерде - «Жастар» педагогикалық отрядтарының ұйымдастырушы-педагогтары. Олардың актерлік шеберліктері балалар мен жасөспірімдерді тәнті етті.   Балалар ертегілер еліне де саяхат жасады, қазіргі заманның тамашаларына да қанықты. Бесінші бөлімде балалардың шақыруы бойынша Аяз Ата мен Ақшақар ортаға шығып, думан көрігін қыздырды.

Мерекелік шыршаның басталуында арнайы жазылған бейнетаспа арқылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шыршаға жиналған балаларды Жаңа жылмен құттықтап, оларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулеріне тілек білдірді.

        Жаңа жылдық іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Балалардың жадыраған, шаттыққа толы көңілді жүздері - «Балдәурен» педагогикалық ұжымы мен «Жастар» педагогикалық ұжымының біріккен, ұйымшыл еңбегінің арқасы. 

Алда шығармашылық кештер мен қызықты іс шаралар көп, бізбен бірге болыңыздар! 

 

 

Жаңалықтар

интеллектуально-развлекательная игра "Тапқыр достар"

3 сборные команды 5-9 классов «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» и..

2019.01.17

"Тапқыр достар" зияткерлік-ойын-сауық шарасы

5-9 сынып оқушыларының «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» және &la..

2019.01.17

ПЛАН-ОРИЕНТИР НА 2019 ГОД для членов Академии

Юный патриот!  «План-ориентир для членов Академии юных патриотов-казахстанц..

2019.01.15

Қазақстандық жас патриоттар Академиясының жоспар-бағдары

   Жас патриот!  «Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшел..

2019.01.15

С Новым годом!

Новогоднее волшебство в «Балдаурене» Сегодня, участники 1 смены 2019 года "..

2019.01.14

Жаңа жыл құтты болсын!!!

"Жаңа жыл құтты болсын!"  10 қаңтар күні «Балдәуренге» еліміздің түкпі..

2019.01.14

Открытие смены

Открытие 1 смены 2019 года  «Новый год – новые начинания»  ..

2019.01.14

2019 жылдың 1 ауысымының салтанатты ашылуы

«Жаңа жыл – жаңа бастамалар»  достар кездесуі» 2019 жылдың..

2019.01.14