"Тапқыр достар" зияткерлік-ойын-сауық шарасы

2019.10.21
Бөлісу:

2019 жылдың 17 қаңтарында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Тапқыр достар» зияткерлік-ойын-сауық шарасы өтті.

5-9 сынып оқушыларының «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» және «ОБА-НА» 3 құрама тобы  тапқырлық, зеректік, білгірлік танытып, жарысқа түсті. 

Ойын 5 кезеңнен құрылды: 1 кезең - "Сөз тапқанға қолқа жоқ", 2 кезең – "Жыр шашу", 3 кезең – "Жаңғырық", 4 кезең – «Адасқан әріптер», 5 кезең - «Досы көпті жау алмас». 

Кезеңнің әрқайсысы өзінше қызықты, әрі тартымды болды. Балалар әдебиет, кино, мультфильмдер бойынша білімдерін ортаға салып, Қазақстан, Ресейдің және ағылшын тілді елдердің ұлы адамдарын суреті арқылы танып, танымал мақал-мәтелдердің нұсқаларын үш тілде құрастыру арқылы тілді білу деңгейлері де сарапқа салынды. 

Көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалын бар қатысушылардың жеңіске деген зор ұмтылысы ойынның шырайын келтіріп, залдағы отырған көрермендер мен жанкүйерлер қауымы үшін қызу да екпінді сарында өтті. Нәтижесінде намысты қолдан бермеген  «ОБА-НА» тобы жеңіске жетті. Команда құрамында Дмитриев Роман, 5 «Б» сыныбы (Қызылорда обл.), Мираш Елдана, 6 «А» сыныбы (Түркістан обл.), Нурбекұлы Икрам, 7 «Б» сынып (Кызылорда обл.), Адамбек Индира, 8 «А» сынып (Алматы қ.) және команда капитаны Алтынбек Ерасыл 9 «Ә» сынып (Шымкент қ.) болды.

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.  

 

Жаңалықтар

интеллектуально-развлекательная игра "Тапқыр достар"

3 сборные команды 5-9 классов «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» и..

2019.01.17

"Тапқыр достар" зияткерлік-ойын-сауық шарасы

5-9 сынып оқушыларының «BALDOSTAR»,  «КЛӘСТАСSTAR» және &la..

2019.01.17

ПЛАН-ОРИЕНТИР НА 2019 ГОД для членов Академии

Юный патриот!  «План-ориентир для членов Академии юных патриотов-казахстанц..

2019.01.15

Қазақстандық жас патриоттар Академиясының жоспар-бағдары

   Жас патриот!  «Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшел..

2019.01.15

С Новым годом!

Новогоднее волшебство в «Балдаурене» Сегодня, участники 1 смены 2019 года "..

2019.01.14

Жаңа жыл құтты болсын!!!

"Жаңа жыл құтты болсын!"  10 қаңтар күні «Балдәуренге» еліміздің түкпі..

2019.01.14

Открытие смены

Открытие 1 смены 2019 года  «Новый год – новые начинания»  ..

2019.01.14

2019 жылдың 1 ауысымының салтанатты ашылуы

«Жаңа жыл – жаңа бастамалар»  достар кездесуі» 2019 жылдың..

2019.01.14