Ата-аналарға

Бөлісу:

Қымбатты достар!

Сіздерге дұрыс таңдау жасағандарыңыз – ең үздік балалар орталықтарының бірі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Бізде әрбір бала өз денсаулығын нығайтуға, шығармашылық, спорттық және дамытушы шаралардың алуан түрлі формалары мен түрлерінде өзін көрсетуге, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысуға, Орталықта ескі достарымен кездесуге және жаңа дос табуға мүмкіндік алады.

 Ата-аналарға арналған ереже.

  1. 1.  Балаларын орталыққа жіберетін ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) құқығы бар:

Орталықтың Жарғысымен, баланың келу шарттарымен, балаға қойылатын талаптармен, бала қатысатын білім беру мазмұнымен танысуға;

  • Ø Баладан теріс ақпарат алған жағдайда баланың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға;
  • Ø Орталық қызметін жетілдіру бойынша Орталық әкімшілігіне, құрылтайшысына ұсыныстар жасауға;
  • Ø Баламен жұмыс істеу бойынша ұйымдастырушы-ұстаздардың атына жеке ұсыныстар жіберуге.

2. Орталыққа жіберілетін баланың ата-анасы (оларды алмастырушы тұлғалар)міндетті:

  • Ø Баланы Орталықта болатын кезде оған қойылатын талаптардан хабардар ету;
  • Ø Баланы өзіне-өзі қызмет ету еңбегінің дағдыларына үйрету;
  • Ø Балаға қарапайым санитарлық-гигиеналық талаптарды үйрету;
  • Ø Баланы Орталыққа келу және осында болу кезінде қажетті киімдермен және аяқ киімдермен (маусымға байланысты) қамтамасыз ету;
  • Ø Баламен бірге кетерден 10 күннен артық емес уақытта медициналық тексеруден өту;
  • Ø Балалар тобын алып жүрушіні баланың жеке қасиеттері туралы хабардар ету;
  • Ø Орталықта бала өзін тәртіпсіз ұстауының немесе оқыс әрекетінің нәтижесінде орталық мүлкіне зиян келтірген жағдайда бүлінген мүліктің құнын өтеу.

Орталыққа жіберетін кезде балалар мен жасөспірімдер аталған ережелермен танысуға және оларды орындау мүмкін болмаған жағдайда Орталыққа келуден бас тартуға міндетті.

3Балаларға қажетті заттар тізімін ұсынамыз:

-  заттар салатын үлкен сөмке;

-  күнделікті киім (2-3 жиынтық);

-  іш киім ауысымда 2-3 күнде бір рет ауыстыруды есептеп (трусы, майкалар және т.б.);

-  спорт костюмі және жабық спорттық аяқ киім;

-  жылы кеудеше немесе кофта (қыста 2-3 дана);

-  5-6 жұп носки (соның ішінде қыста жылы түрі);

- мерекелік іс-шараларға, дискотекаларға  арналған сәнді киім, аяқ киім;
-  купальник (плавки) басейнде шомылу үшін;

-  бас киім (шапка, бейсболка, панама және т.б.), шарф, қолғап немесе биялай (қыс, көктем, күз);

- күнделікті ыңғайлы аяқ киім; бөлме шәркейі; душқа арналған сүйретпе;

- куртка, ветровка (маусымға арналған басқа да киімдер);

- ауа райына қатысты және жеке қажеттіліктері бойынша киімнің басқа түрлері;

- жеке гигиеналық заттары (тіс пастасы, щетка, сабын, сусабын, мочалка, тарақ, тырнақ алатын қайшы, үлкен сүлгі, дәретхана қағазы (тіс щеткасы мен сабын герметикалық футлярда сақталуы тиіс).

-оқу жылы кезінде мектеп құралдарын (дәптер, қалам, қарындаш, сурет салу альбомы, бояу, мектеп формасы, спорттық форма).

4Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) міндетті:

- баланы маусымға сәйкес қажетті киімдермен және аяқ киімдермен, жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етуге;

- бала денсаулығының жағдайы, оның мінезіндегі ерекшеліктері туралы, жеке дәрілік заттар мен тағамдарға қойылатын шектеулері жөнінде хабарлауға;

- денсаулық жағдайына байланысты оның орталықта болуы мүмкін болмаған жағдайда баланы алып кетуге;

- баланың кінәсінен ғимаратқа, жабдықтарға, мүліктерге және орталықтың басқа да мүліктеріне зиян келген жағдайда белгіленген заңды тәртіп бойынша бүлінген мүліктің құнын өтеуге.

5. Балаларды өз еркімен орталық аймағынан тыс жерге алып кетуге тыйым салынады.

6.  Мына азық-түлік түрлерін беріп жіберуге тыйым салынады:

- консервілер, шұжық, балық, саңырауқұлақтар, тауық-гриль, торттар;
- газдалған тәтті сусындар мен сүт тағамдары (айран, қаймақ, сүзбе,
йогурт және т.б.);
- тез дайын болатын тағамдар (вермишель, сорпалар және т.б.);
- кеш пісетін жемістер мен көкөністер (қарбыз-қауындар, қара өріктер және т.б.);
- спиртті ішімдіктер, сондай-ақ темекі өнімдері, сағыздар, чипсы, сухариктер, гамбургерлер, хот-догтар.

7.  Өзімен алуға және сақтауға тыйым салынады!

- қымбат және аса қымбат заттар;
- сіріңкелер, оттықтар,  май шамдар, пиротехникалық құралдар;
- электр жылытқыш құралдар (кипятильниктер, фендер, шәйнектер, т.б.);
- кескіш және піскіш заттар (лезвия, пышақ, қауіпті қайшылар, құралдар, т.б.);
- темекі, алкоголь, есірткі заттары.

 

Сіздің балаларыңызды жіберер алдында

багажында тыйым салынған заттардың болмауын

тексеруді өтінеміз.

Балалар мен жасөспірімдерді медициналық іріктеуге және «Балдәурен» РОСО демалуға, сауықтандыруға және оқытуға жіберуге қойылатын

ТАЛАПТАР

 

  1. 1.       Балалар мен жасөспірімдерді «Балдәурен» РОСО жібергенге дейін 5 күн бұрын дифтерияға тексеру нәтижесі міндетті түрде болуы тиіс. 
  2. 2.       Балалар мен жасөспірімдер жасына қарай және тұратын аймағындағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып екпе алуыкерек. 063 көшірмесін ұсыну.
  3. 3.       Орталыққа жіберу және қабылдау үшін теріс көрсетілім болып табылады:

барлық науқастар өршіп тұрған кезде;

- түрлі органдар мен жүйелер туберкулезініің барлық формалары;

- ревматизм белсенді және ауру ұстайтын аралықта және диспансерлік есептен шығарылғанға дейін;

- туғаннан және жүре пайда болған жүрек және қан тамыр ақаулары, соның ішінде ота жасалғандар, жүрек жұмысының қызметі бұзылғандар;

- гипертониялық науқас;

- қан және қан айналым органдарының ауруы;

- эпилепсия, басқа да тырысқақтан құлау және оның эквиваленттері;

- жедел психикалық аурулар және реактивтік жағдайлар;

- бронхоэктикалық ауру, бронхиалды астма;

- асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;

- жедел нефрит, пиелонефрит – ауру процесі төмендегеннен 5 жылдан кем емес,  созылмалы нефрит, пиелонефрит, бүйректе тас болу науқасы, туа бітті бүйрек жұмысының бұзылуы бар бүйрек жетімсіздігі;

- эндокринді жүйенің аурулары, қант диабеті, тиреотоксикоз;

- терінің барлық жұқпалы, паразитті аурулары (қотыр, тері зеңі және т.б.)

- қауіпті ісік ауруларының кез келген түрі

Жұқпалы аурулардан кейін реконваоесценттерді жіберген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволық өндірісінің, Орталық Азия елдерінің Денсаулық сақтау министрліктерінің тиісті бұйрықтарын басшылыққа алу керек.

  1. 4.       Тісін жұлуды қажет ететіндер – тісін жұлғызуы керек.
  2. 5.       Педикулезге шалдыққан балалар санитарлық өңдеуден өтуі тиіс.

 

Орталық үшін медициналық анықтамаларды

 жинауға байсалды қарауды өтінеміз!

 Баланың орталыққа дені сау болып келгені

өте маңызды.

 

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

 

Бала үшін анағұрлым қиын кезең – орталықта болған алғашқы апта. Бұл кезеңде бала жаңа достармен танысады, климатқа, жаңа тәртіпке бейімделеді және ата-ананың көмегінсіз жүруге үйренеді. Егер бала бұл кезеңде үйге қоңырау соғуға үлгермей жатса, оған абыржымаңыз. Ұялы телефондар жоғалмау үшін балалар телефондарын өздерінің ұйымдастырушы-ұстаздарына тапсырады (сейфте сақтау үшін), телефондар күндізгі демалыс кезінде (тыныштық сәті) беріледі, қатаң түрде ДҮЙСЕНБІ, СӘРСЕНБІ, ЖҰМА күндері.

 

Ата-аналар күні (балаларға келу) – сенбі.

 

Орталық Әкімшілігі орталыққа келген сәтте ақшаны ұйымдастыушы-ұстаздарға жауапты сақтауға (сейфте сақтау үшін) тапсыруды қатаң түрде өтінеді. Ақша балаға талап етілген жағдайда беріледі.

Орталық Әкімшілігі балаларға ақшаны қайда жұмсаймын деп бас қатырмауы үшін аса көп мөлшерде қаржы бермеуді ескертеді.

 

 

«Балдәуренге» келу – Сіздің балаңыз үшін өз дербестігін танытатын тамаша мүмкіндік. Оны ойша Сіздің жаныңызда біраз уақыт болмайтынына, бірақ бұл оған уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуге кедергі келтірмейтініне дайындаңыз.

Құрметпен,

«Балдәурен» РОСО РМҚК Әкімшілігі.

 

 

 

Орталық туралы қосымша ақпаратты Сіз ала аласыз:

http://www.baldauren.org/

E-mail:baldauren@mail.ru

 

Біздің мекен-жайымыз:

 Ақмола облысы, Бурабай ауданы,

Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі,

индекс 021700

анықтама үшін анықтама тел/факс:

8(71636)79-1-34 – қабылдау бөлімі

8(71636)79-2-12 – бухгалтерия