ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

        «Балдәурен – Шымкент» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2018 жылдың 15 тамызынан бастап өз жұмысын мүлтіксіз атқарып келеді. Қазіргі таңда жаңа бастамалар мен игі жұмыстар атқарылып отыр. Ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің ұштасуына бағыт беріп, болашақтың іргесін бірге қалаудамыз.

Біздің орталық қызметкерлері нағыз жалындаған жастар, білім мен өнерге тұла бойы тұнып тұрған шығармашыл, заманауи, өнерлі де өнегелі ұстаздар. Ұлтымыздың болашағын тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікті сезіне білетін, өздерін үздіксіз дамыта алатын, елдің тарихын, тілі мен әдебиетін терең меңгеріп, балалардың бойына патриоттық сезімін сіңдіре білетін орталықтың қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Балдәуренге келген әр баланың әрбір сәтін ерекше етіп өткізулеріне аянбай еңбек етіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Жоспарланған іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, балалардың патриоттық сезімдерінің нығаюына үлкен септігін тигізуде.

Елбасының сындарлы саясатына сүйене отырып еліміздің болашағы жас ұрпағымыз үшін біліміміз бен тәрбиемізді, бар күш жігерімізді салмақпыз. Балалардың «Арман аралына» айналған «Балдәурен» - бақытты балалаық шақ ордасы күнен-күнге дамып, күндеріміз жемісті әрі жеңіске толы боларына сенемін! Әрбір демалушы баланың арманына қанат байлайтын, талантына шабыт сыйлайтын арман аралы - "Балдәурен-Шымкент" сайтына қош келдіңіздер! 

 

БОСЫМБАЕВ Даурен Абдикаримович,

                                                    «Балдәурен» РОСО филиал директоры.

                         Түркістан облысы Төлеби ауданы

Соңғы жаңалықтар

18
қыркүйек

«Язык Пушкина» зияткерлік ойыны. «Язык Пушкина» зияткерлік ойыны.

«Язык Пушкина» зияткерлік ойыны.

«Язык Пушкина» зияткерлік ойыны. Бүгін жоғары топтар арасында «Язык Пушкина» зияткерлік ойыны б..

Оқу

16
қыркүйек

"Абай тағылымы" сайысы

"Абай тағылымы" сайысы.  Ауысым кураторының ұйымдастыруымен орталығымызда алғаш ұйымдастырылып отырған ауысым тақы..

Оқу

15
қыркүйек

«Арнайды саған ақ тілек» туған күн иелеріне арналған кеш. «Арнайды саған ақ тілек» туған күн иелеріне арналған кеш.

«Арнайды саған ақ тілек» туған күн иелеріне арналған кеш.

Туған күн - әр баланың асыға күтетін ең ерекше мерекесінің бірі. Жылына бір келетін бұл күнді бала асыға күтеді. Түрлі с..

Оқу

Әйгілі айдарлар

Медицинские требования для Балдаурена

оқу