Біздің асхана

Бөлісу:

Асхана бөлімі

«Балдәурен» респубикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалының  асханасында

26 қызметкер жұмыс жасайды. Яғни: асхана меңгерушісі, асхана қоймашысы, аға аспаз, көмекші азпаз және кондитерлер.

Асхана қызметкерлерінің жұмыс уақытысы таңғы 5.00-ден кешкі 22.00-ге дейін балалар үшін үздіксіз қызмет етеді. Асханада беріліп жатқан тағамдар диетологтардың қадағалануымен беріліп отырады. Әрбір беріліп жатқан ас балалардың денсаулықтарына өте пайдалы.

Астың берілу уақыты: балаларға күніне 5 мезгіл ас беріледі.

-Таңғы ас - 8.30

-Түскі ас -13.00

-Бірінші жеңіл ас – 16.00

-Кешкі ас -19.00

-Екінші жеңіл ас – 21.00

Сонымен қатар,  күнделікті балғын тәтті тоқаштар, кондитерлік өнімдер, нанның түрлері, І-ІІ ші түрлі европалық ыстық тағамдар, түрлі сусындар, сүт өнімдері, көкөністер және жеміс-жидектер беріледі.  Тағамдар уақытылы дайындалып, ыстық күйінде ұсынылады.

 

 

Таң атпай тұрып келетін,

Тәттінің бәрін білетін.

Аспазшыға мың алғыс,

Ерінбей еңбек ететін.

 

Жақсы тамақ пісіріп,

Бізге үнемі береді.

Ботқа, көже, тоқашты,

Дәмді етіп пісіреді.

 

Балдәурендік баланың,

Есінде әр-кез қаласың.

Дәмі сондай ерекше,

Сен пісірген тағамның!!!

     Күнмен бірге таласа оянып, балалардың қамы үшін, олардың аш қалмасы үшін аянбай еңбек ететін бірден-бір жан ол – аспазшы. Орталықта күніне 5 мезгіл дәмді ас дайындалады. Әрине әр баланың талғамынан шығу оңай емес. Десекте, әр күні жасалынған ас мәзірінің әр түрлі болуына, баланы жалықтырып алмауға аянбай еңбек етуде. Аспазшылар қолдарыңыз дерт көрмесін дегіміз келеді.

 

  • Қазақстандық жас патриоттар академиясы
  • Жалпы мағлұмат
  • Орталық тарихы
  • Тәрбие кешені
  • Медицина кешені
  • Білім кешені
  • Ғылыми-әдістемелік бөлім
  • Денешынықтыру – туристік кешені
  • Кітапхана
  • Мұражай
  • Біздің асхана