Тәрбие кешені

Бөлісу:

         Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қаматамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, қосымша білім беру бөлімі және «Жастар» педагогикалық отряды кіреді.

     Әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметі – әдістемелік,ақпараттық-сараптамалық,және көпшіліктік- ұйымдастырушылық секторларының жұмыстарын қамтиды*Осы бөлімнің қызметкерлері ауысымдар бағдарламасын және оның өту жоспарының мазмұнын және қойылған мақсаты мен міндеттерінің орындалу барысының терңдетілген педагогикалық сараптамасын жасайды.

          Тәрбие кешенінің негізгі жұмыс міндетерінің бірі - уақытша құрылған балалар бірлестіктері жағдайында – жағымды жағдайлар және психологиялых ахуал, шығармашылық атмосфера туғызу, қоғадық өмір құндылықтары : мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету. Әр жыл сайын ауысым тақырыптары өзгертіліп отырады, бірақ оның мағынасы, негізгі бағыттары біреу: өз тарихын тану, дәстүрін, салтын, тілін, мәдениетін білу және тұлғаның өзіне тән қадыр-қаситтерін қалыптастыру .

                Балдәуренге келетін балалар өздерінің әлеуметік экономикалық, әтникалық жағдайлары жөнінде өтебай географияны алдыңа тартады. Біздің тарихи үйіміз көпұлтты болып құрылған. Онда жүздеген ұлт өкілдері мен халықтары тұрады. Ол өзінің терезесін әтнографиның жұмбақ әлеміне айқара ашып, балаларды бір-бірімен бауырластырып, өздерінің тарихи тамырларын, аңыздары мен ертегілерін, ұлттық салт - дәстүрлерін білуге шақырады. 

          Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қамтамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: қосымша білім беру бөлімі мен «Жастар» педагогикалық тобы, және шығармашылық топ.

«Балдәурен» РОСО филиалының тәрбие кешені жұмысының жүйесі – бұл тәрбиенің адамгершілік қағидаларына сәйкес педагогикалық мақсаты мен міндеттерін белгілеп, жасөспірімдердің қоғамдық маңызды шығармашылық іс-әрекеттерін, балалардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету және олардың талаптарына сай ұйымдастырып басқару.

Тәрбие кешенінің негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – уақытша құрылған балалар бірлестігі жағдайында – жағымды жағдайлар мен психологиялық ахуал, шығармашылық атмосфера тудыру, қоғамдық өмір құндылықтары: мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету.

Тәрбие кешенінің педагогикалық-ұйымдастырушылық жұмыстарының бағыттары келесі қағидаларға негізделген:

-         Жасөспірімдердің қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын педагогикалық бағдарламаларды құру және жүзеге асыру;

-         Жасөспірімдердің қоғамда заманға сай әлеуметтенуіне орталықта әсер ететін жағдайларды жасау.

-         Педагогикалық істің нәтижесін көтеру мақсатында «Балдәурен» тәрбие жұмысының іс-әрекетін сараптау әдістерін іздестіру және ізгілендіру;

-         Уақытша балалар бірлестіктері жағдайында жұмыс істейтін, педагог кадрларды дайындау және қайта даярлықтан өткізу.

Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы-ұстаздар болып табылады. Тәлімгер – оқушыны қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы. Ұйымдастырушы-ұстаз ол мәртебе емес, ол жаныңның жақсы күйі. Ол күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындайды, өзінің білімі мен біліктілігін қамқарлығындағыларға беріп, сарқылмайтын күш-қуатымен үнемі күліп жүретін жан. Ол жаңа бастамалар мен идеяларды ойлап тауып, жүзеге асырушы.

         Орталықта 16 ұйымдастырушы-ұстаз жұмыс жасайды, әрбір ұйымдастырушы-ұстаз өзінше ерекше, креативті болуға тырысады. Себебі: жан-жақтан келетін баланың тілін табу, оларға жарқын көңіл-күй сыйлау – басты мақсат.

         Ауысым бойы өтілетін іс-шаралардың сценарийлерін «Жастар» педагогикалық тобы өздері құрастырып отырады. Орталықтағы дәстүрлі іс-шаралар «топ визиткасын қорғау» кеші, «ауысымның ашылуы мен жабылуы», салтанатты кештері, «Олимпиада» ойындары, «Патриоттық әндер» байқауы т.б іс-шаралар «Жастар» педагогикалық тобының іскерлігі мен қабілетін шыңдай түсуде. Әр оқу жылында ауысым бағыттары сақталады, тек ауысым атаулары ғана жаңарып отырады.

 

 

  • Қазақстандық жас патриоттар академиясы
  • Жалпы мағлұмат
  • Орталық тарихы
  • Тәрбие кешені
  • Медицина кешені
  • Білім кешені
  • Ғылыми-әдістемелік бөлім
  • Денешынықтыру – туристік кешені
  • Кітапхана
  • Мұражай
  • Біздің асхана